Posted in

ТАЛМАУ ЖЕР

Осал тұс, жанды жер. ~ Мына ерлерше айтқан кесігің кісілігімді оята бастады, — деді де Жұрынтай шоқпардай жұдырығымен талмау жерден бір ұрып, оны жалманынан түсірді. К.Сег. ~ Сондықтан да мына Төлі көлге дүрліге ошарылу — қазақ жұртының ең қиын жерінен ұстап, талмау тұсынан қадалып тұр. С.См. ~ Құрдасының жанды талмау жерінен жүдемелдете тиген екі соққысы Ескенді жүн салған қанардай сұлата салды. С.См.

Posted in

ТАЛМАУ ТАРТТЫ

Осал тартты, әлсізденді. * Дарханның көңілі өзгеше мұңға беріліп, денесі өз-өзінен талмау тартты. О.Бөк. * Қызық… бейне бір құс төсек, мамыққа оранып жатқандай бой-бойы балбырап, бүкіл денесі талмау тартты да… қызық… үлкен башпайынан, саусақ-саусағынан өзгеше бір қытық жүріп, дызылдап қышығандай ма-ау … О.Бөк. * Әйтсе де екі иінімнен қос қолдап басқандай тынысым тарылып, талмау тартып отырмын. Қарным ашқаны сезілді. О.Бөк.

Posted in

ТАЛМАУЫР ЖЕР (ТҰС)

Осал, ұрымтал тұсы. * — Сенен көрі көлеңкем артық шығар, — деген де, орнынан оқыс тұрып, жүре берген. Бұл сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзі де аңғармай қалып еді, тым талмауыр жерден соққанын кейін білді. Д.Әшімх. * Қазір ел үшін талмауыр тұс болған сол бір қиын кезеңдерді сипаттап, суреттей алатын роман, хикаяттар жазылып, жариялана да бастады. Т.Мед.

Posted in

ТАМАҒЫНА ӨКСІК ТЫҒЫЛДЫ

Жылауға тақау қалды, көз жасын әрең тиып тұрды. ~ …өткеннің шексіз қайғысын бойына жиған Тораңғыл қасқа елестегенде күні бүгінге дейін тамағыма өксік тығылады. Т.Әс. ~ "Мама, деймін. Маматай, кетпеші ешқайда. Маған киім де, ойыншық та керек емес. Тастамашы мені", дегенде тамағына өксік тығылып, сөйлей алмай қалды. А.Үс. ~ Таяп келіп, шашымнан сипады. — Қарғам-ай, жүдеп кетіпсің ғой. Бейуақта бүк түсіп неге жатырсың? — Әшейін, — дедім тамағыма өксік тығылып. — Жәй жатырмын, апай. Ж.Шағ. ~ Ананың балаға деген сезімінің күштілігіне тәнті болып, тамағыма өксік тығылып, көзіме жас келіп, тәлейіме қайран қалушы едім. Н.Қуан.

Posted in

ТАЛМАУЫР ТАРТТЫ

Әлі кетті. * Жаңа осы әзірде ғана талмауыр тартқан Құландының тыныштығын бұзған поездың, тарсылдақ үні естілді. О.Бөк. * Жүрегі суырылып, түпсіз тереңге шым батып, құрдымға құлап бара жатқандай мең-зең хал кешті. ысынып, суып ұзақ жатты. Талықсып, талмауыр тартса да, қапсыра құшақтаған қарағайдан айрылған жоқ. О.Бөк.

Posted in

ТАМАҒЫНА ТАС ТЫҒЫЛДЫ

Айтарын айта алмай үнсіз қалды. ~ — Тәте!..— деді табалдырықта теңселген жігіт тамағына тас тығылып. Бет моншағы үзілген қызыл шырайлы қыз: «О не дегеніңіз, тәтеңіз кім, мен кім?» — деп ытырынып үріккен жоқ М.Қаб. ~ Еламан Судыр Ахметке шошына қарады. Судыр Ахмет өзінің жаңағы қоразданып едірейіп алған қалпынан кенет күрт өзгеріп, тамағына тас тұрғандай тоқтап қалды. Ә.Нұрп.

Posted in

ТАЛМАУЫТТЫ ЖЕРІ

Ұрымтал, осал тұсы. * Олар шетінен сауатты және шығарманың талмауытты жерін дәл табатын, суреткерді етекбастылықтан құтқаратын нағыз жанашырлар. Т.Жұрт.

Posted in

ТАМАҒЫНАН АС ӨТПЕЙДІ

Көңілі көншімейді. ~ Күніне бір шумақ өлең жазбаса тамағынан ас өтпейтін Есенинше елегізу таланттылардың көбіне ортақ қасиет. Ж.Шәк. ~ масасыз жан едім? М.Қаб.