Күннің тас төбеге көтерілген мезгілі. ~ Қарақұйрықтардың суға келетін жолы мен талма түсте көлеңкелеп жататын қалқа- қалтарысына қақпан құрды. Ол жылы аң да ығып кеткен- ді. Ә.Кек. ~ Қызық-думан талма түске дейін созылып, балуан күресі біте бергенде, бір топ салт атты бөктерге қарай шаба жөнелді. Ә.Шәр. ~ Шұбырма шуда бұлты араласқан, Тарылып талма түсте бара ма, аспан? Шынымен кеткенің бе, ей, сырық мойын, Соңыңа қайрыла бір қарамастан. А.Әлім. * Талма түс. Қыр басында қалқиған көнетоз үй – алыстан қараған көзге қалпағын алып, қол бұлғап жиынға шақырған кәрия тәрізді, сағыммен бұлдырап қана көрінеді. Д.Досж. * Бірақ ол дәл қазір талма түстің шағында шаңытқан сағымға оранып бұлдыр тартқан бұлың дүние елесінен басқа, айнала жаратылыстың айқын бедерін көріп, біліп отырған жоқ. О.Сәрс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТАМАҒЫН ҚЫРНАДЫ
Көмейін кернеді, жөткірінді. * Елана да шыдай алмады білем, тамағын қырнап алды да, ақырын ғана қосыла кетті. Д.Рам.
ТАЛМА ШАҚ
Көктемнің қара өзек кезі.
ТАМАҒЫН ТЫҒЫНДАДЫ
Пара беріп, көндірді. ~ Жемсауларың бүлкілдеп отырғанын да білем. Ал егер біреуіңнің тамағыңды тығындасам, екіншің ауыз ашқалы дайын тұрсыңдар. Пара үшін жиған малым жоқ. Сендерге пара берем деп жалаңаш қалар жайым да жоқ. Өз қотырымызды өзіміз қасып, тыныш жүрейік те. Б.Мом.
ТАЛМАУ ЖЕР
Осал тұс, жанды жер. ~ Мына ерлерше айтқан кесігің кісілігімді оята бастады, — деді де Жұрынтай шоқпардай жұдырығымен талмау жерден бір ұрып, оны жалманынан түсірді. К.Сег. ~ Сондықтан да мына Төлі көлге дүрліге ошарылу — қазақ жұртының ең қиын жерінен ұстап, талмау тұсынан қадалып тұр. С.См. ~ Құрдасының жанды талмау жерінен жүдемелдете тиген екі соққысы Ескенді жүн салған қанардай сұлата салды. С.См.
ТАМАҒЫНА (ӨҢЕШІНЕ) ТАС ТҰРҒАНДАЙ БОЛДЫ
Үні өшті, үндемей қалды. * Еламан Судыр Ахметке шошына қарады. Судыр Ахмет өзінің жаңағы қоразданып едірейіп алған қалпынан кенет күрт өзгеріп, тамағына тас тұрғандай тоқтап қалды. Ә.Нұрп.
ТАЛМАУ ТАРТТЫ
Осал тартты, әлсізденді. * Дарханның көңілі өзгеше мұңға беріліп, денесі өз-өзінен талмау тартты. О.Бөк. * Қызық… бейне бір құс төсек, мамыққа оранып жатқандай бой-бойы балбырап, бүкіл денесі талмау тартты да… қызық… үлкен башпайынан, саусақ-саусағынан өзгеше бір қытық жүріп, дызылдап қышығандай ма-ау … О.Бөк. * Әйтсе де екі иінімнен қос қолдап басқандай тынысым тарылып, талмау тартып отырмын. Қарным ашқаны сезілді. О.Бөк.
ТАМАҒЫНА ЖАС ТЫҒЫЛДЫ
Жыларман болды. * – Ата, сонда Тораңғыл қасқа қанша жаста? – дедім тамағыма жас тығылғандай болған мен. Т.Әсем.
ТАЛМАУЫР ЖЕР (ТҰС)
Осал, ұрымтал тұсы. * — Сенен көрі көлеңкем артық шығар, — деген де, орнынан оқыс тұрып, жүре берген. Бұл сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзі де аңғармай қалып еді, тым талмауыр жерден соққанын кейін білді. Д.Әшімх. * Қазір ел үшін талмауыр тұс болған сол бір қиын кезеңдерді сипаттап, суреттей алатын роман, хикаяттар жазылып, жариялана да бастады. Т.Мед.
ТАМАҒЫНА ӨКСІК ТЫҒЫЛДЫ
Жылауға тақау қалды, көз жасын әрең тиып тұрды. ~ …өткеннің шексіз қайғысын бойына жиған Тораңғыл қасқа елестегенде күні бүгінге дейін тамағыма өксік тығылады. Т.Әс. ~ "Мама, деймін. Маматай, кетпеші ешқайда. Маған киім де, ойыншық та керек емес. Тастамашы мені", дегенде тамағына өксік тығылып, сөйлей алмай қалды. А.Үс. ~ Таяп келіп, шашымнан сипады. — Қарғам-ай, жүдеп кетіпсің ғой. Бейуақта бүк түсіп неге жатырсың? — Әшейін, — дедім тамағыма өксік тығылып. — Жәй жатырмын, апай. Ж.Шағ. ~ Ананың балаға деген сезімінің күштілігіне тәнті болып, тамағыма өксік тығылып, көзіме жас келіп, тәлейіме қайран қалушы едім. Н.Қуан.
