Posted in

ҰЯТ АРҚАЛАДЫ

Бар жақсылықты үйіп-төгіп, не алдаусыратып, сөздің артын ұзын арқан, кең тұсауға салып уатсаң, балашасенген ақкөңіл жандардың алдында кешірілмес ұят арқалап, үнемі күнәһар боп жүргенің… С.Жүн. Үрия. Шық үйімнен бейбастақ. Айнаш. Кейін ұят арқаласаңыз бізге өкпелемеңіз. Ә.Тәж. Ал сен болсаң, елдегі тентектігіңді ұлы адамның, ұлы патша Мұрагерінің алдында жасап, айықпас ұятарқалаттың халқыңа. С.Жүн.

Posted in

ҰШЫҒЫНА ШЫҚҚАНДА

*Алайда осы мәжнүн сырдың ұшығына шыққанда, алғашқы әсер ұшты-күйлі жоғалып, орнын әлдебір ылайлы, жайсыз сезім басады. Т.Әсем. * Бірақ сөйлем сайын тарқатылған сұмдық сырдың ұшығына шыққанда о бастағы ізгі махаббаттың қандай аномалияға айналғанын көресіз. Т.Әсем. * Философиялық кульбит сияқты сәт сайын құбылып, аударылып-төңкеріліп тұрған пікірдің ұшығына шыққанда түсінгенім – қазақ әдебиеті тек қана әдеби әулеттің ісі болып қалады екен, және сол кезде қайта өрлеу (!) басталады екен. Т.Әсем.

Posted in

ҰЯТ ҚЫСТЫ

Ж а ң ы л. Қиналдым дейсіз бе. Сізді көп болса азғантай ғана ұят қысқан шығар. Т.Ахт. Ұлын ұйықтатып болысымен Ақбергенді біледі — ау деген еркек кіндіктілерге түгел телефон соққан. Біржағынан ұят қысқандығын да жасыра алмайды. Қ.Жиен. Үндемей, жанында томпайып жүреді де қояды. Қой аузынан шөп алмас момынның өзі. Ол үндемеген сайынжігітті ұят қысатындай. С.Досж.

Posted in

ҰШЫНЫП КЕТПЕЙДІ

Түк етпейді; дәнеме болмайды. Үйленбеген жұрт та өмір сүріп жатыр ғой. Биылша шығынданбай қоя тұрса мен ұшынып кетеді дедің бе?.. Қ.Ысқ. — Жоқ, дұрысы Жақан ғой дегенім де. — Әй, Бақан десең ұшынып кетпейсің. Білдің бе?! Тақа болмаса Бәке де! М.Сүнд. — Ту…у, алла-ай. Ауылдың әр иті үрген сайын дірдектеп далаға шыға береміз бе?! Ө, несі сонша. Сәл күтсеұшынып кетпес… М.Сүнд.

Posted in

ҰШЫП-ҚОНЫП ЖҮР

~ Жамал да көңілді, аяғының үшімен ұшып-қонып жүр. М.Қаб. ~ Тау текедей секектеп, шаршау дегенді білмейді ғой тіпті. Әлде… олар шынымен-ақ жасарып, бозбала мен бойжеткендей ұшып-қонып жүр ме екен?! Бәрі де адамның көңіліне байланысты екен-ау…”. Н.Ор. ~ Кешке әкемнің құрдасы Өтеген шал келді. Ұшып-қонып жүретін елгезек, ақ көңіл кісі еді. Т.Әбд.

Posted in

ҰЯ (ҰЯҢ) БӨРІКТЕУ

Қарабайыр, бос белбеу, именшек. Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтардыжақсы күтіпті. Сонда Қазыбек — «Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?» — деп тамашалап, жүре қоймай отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен. "Шешендік сөздер". “Қарашы, үндемей жүргенге ұяң бөрік пе десем… жатып атары бар екен- ау өзі!” Ә.Асқ. Шатақ шығаратын шығар деп сасып еді, Көбейдің даусы сабырлы естілді: – Үндемегенге ұяң бөріктеу ме деп жүрсем… қалай- қалай бұрып барасың, ей? Ә.Асқ.

Posted in

ҰЯ БАСТЫ

Балапан басты, ұя салды. Жылт еткен қиялы енді торлы терезенің ар жағында ұя басып қалған торғайды ойлады. Қ.Түм. . Мен ойлаймын: «бөденелер қайтер екен? Ұя басып жатқаны да бар шығар. Ш.Мұрт.

Posted in

ҰЯ САЛДЫ

2. Орнықты, ұялады. ~ Бұл арпалыс бұдан әлденеше жылдың алдында әкесі Әнбияға ілесіп, Жайықтың жарқабағына жерленген ұлы атасы Хажыкелдінің мазарына құран оқып, тауап етіп қайтқалы барған сапарында көкірегіне ұя салған-ды. Ғ.Біл. ~ Сол бір бала кезден кеудесіне ұя салған қиял құсының жетегімен мектепті бітіре сала Алматыға жол тартқан. Д.Рам. ~ Көзіне ібіліс елестеген еді қазақтың, жөйттің жүрегіне шайтан ұя салған. Анығы – екеуінің де естері ауысып кеткен-тұғын. С.Сағ. 2. Құстың қоныс тебуі. ~ Жазғытұрым алты ай жамылған тонының тігісі сөгіліп, тоңынан бу бұйраланып, жігі ыдыраған даланың барша суы жылғаланып, құйылар еді Сасықкөлге. Қопа-қорысына үйрек-қаз ұя салады. С.Сағ.

Posted in

ҰЯЛАС ҚАСҚЫРДАЙ (БӨРІДЕЙ)

Шатырбай да бұл әрекетке баруын барып алса да, қорқып жүрген-ді. Өйткені ұялас қасқырдай Тұрғанбектіңүш ұлының бірін-бірі оңайлықпен бермейтінін жақсы білетін. К.Қазыб. Бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бїр ұялас бөрїдей едї. Қалың Тобықты їшїнде еңқолшыл, ең мықты болатын себептерї де осы. М.Әу. Әбділхан жауар бұлттай түнеріп, ердің қасына бүк түсе шауып барады. Ауылға, үйіне тартып барады! Оныұялас қасқырдай қоршап алған Барақбайлар: – Сенің ағаң ақылынан адасып, ауыш болды! Сорладың! Бақсыға тезірек емдет! – деп бажылдасып барады. Ш.Айт.

Posted in

ҰЯЛЫ БӨРІДЕЙ

* Ағыбай тез ашуланса да, тез қайтты. — Жә, қышымаған жерімді қасымай жайыңа отыр!.. Ал қотан аңдыған ұялы бөрідей, тізе қосып қайда бара жатырсыңдар? І.Ес.