Posted in

ҰРЫН ТҮСТІ

«Хан қызына лайық кәдесін жасап ұрын түсіп әкетсе жөн-ау! Д.Досж. Әйтеуір, мен апасына ұрын түскенде сенің атаңның бұғында тәйтерісі де жоқ болатын. Қ.Ысқ. "Президенттік емдеу орталығында істейтін Әсем бойжеткенге тарт, жылдам", — деді. Нақа ұрын түскелібара жатқан, қайын жұртына асыққан күйеу жігітке ұқсады осы жолым. Д.Досж. — Мен ұрын түскенде апаларың он екіде еді, — деді, Бекетте құлақ бар-ау деп тұрған жоқ, әйтеуір, дейсалды. Қ.Ысқ.

Posted in

ҰРШЫҚША ИІРІЛДІ

* «Жаназа шығаратын жол менікі», – деп, үстінде ақ матадан тігілген шапаны бар, басына ақ сәлде ораған семіз қазірет жалаңдап, ұршықша иіріліп жүр, өзгеге жол беретін түрі жоқ. Ә.Шәр.

Posted in

ҰРЫНАРҒА ҚАРА ТАППАДЫ

Тиісерге себеп, шатаққа сылтау іздеді; кімге тиісерін білмеді. Сол Айтжанын құтты жеріне қондырып, жалғыз өзі іші пысып, ұрынарға қара таба алмай жүргенде, мынахабар «Бозінгенге» құдайдың үйге айдап әкеп берген дәулетіндей көрінді. Ж.Айм. Ұрынарға қара таппай қағынып тұрған Боранқұл үшін бұл қағытпа таптырмайтын сылтау еді. — Шал болсам болармын. Ғ.Біл. ~ Осындай ұрынарға қара таппай жүргендер аз ғана қақтығыстың өзіне желігіп шыға келетіні де сондықтан. Б.Мом. Ұрынарға қара таппай келе жатқан қалың әскер аран қазғызы келген. Р.Отар. «Шынымен де бұлар мені қайдан білсін. Мал өткізіп келе жатқан анау зоотехник әлденеге наразы ма,ұрынарға қара таппаған қағынулы ғой, біртүрлі». Ж.Шаштай. Осы апамның күйігімен ұрынарға қара таппай жүргенімде, сенің Ғайып ханмен жауласатын, оған орай өнерсайысы болып жатыр деген құлағыма сап етіп тиісімен, апамның кеңесі есіме сап ете қалды. ҚЕ.

Posted in

ҰРТЫ ҚАНҒА ТОЛЫ

~ Адам ары, оның тағдыры көрінген күшігеннің, ұрты қанға толы қасқырдың, екі аяқты, екі жүзді хайуанның қолындағы қуыршақ емес! Р.Рай.

Posted in

ҰРТЫ ҚОМПАҢДАДЫ

Асықты жіліктің көк етін түгел аузына тығып жіберген Тойбазардың ұрты қомпаңдап: − Орын.. ба… — деп келе жатып, екі ұртына алма-кезек жүгіріп жүрген кесек ет шайнауы жетіспегендіктен жұтқанда тамағынан өтпей қалды ма, екі көзінен жас парлап қоя берді. Н.Дәу. Ендігі жауапкершілігі мына жігіттің мойнында, бірақ әр нәрсенің міндетін басқаға итере берсек іс біте ме,бір адам емес, бәріміз көтеруге тиістіміз, осының салмағын! — Оның ұрты бір толып, бір солып қомпаңдап кетті. Қ.Ысқ.

Posted in

ҰРТЫ МАЙ

~ Парықсыздардың ұрты май, Бұзуда елдің шырқын-ай. Адамдар дағы сендердей, Тату боп жүрсе, шіркін-ай! С.Қамшы.

Posted in

ҰРТЫ МЕН МҰРТЫН МАЙЛАДЫ

Әбден тойды, пайдаға батты, аузы-басы майланды. ~ Оның үстіне мемлекет малына алақаны ашық мырзалар біраз адамның, біраз адамның болғанда көңіл жетерлерінің ұрты мен мұртын майлап та тастады. Б.Қыд. ~ Жүріп кеткен ізіне Барлау да жасадық: Бір із жортып жайлауға кетіпті, Мұрты мен ұртын майлауға кетіпті. Қымызға тойып, Бағланды сойып, Күн-түн карта ойнауға кетіпті. А.Тоқ.

Posted in

ҰРҒАШЫ ҚАРАҒАЙ

* Жаңадан қобыз жасап алмасам болатын емес. – Ұшқаттан шабасың ба? – Ықыластың жиендерінен де сен сияқты ноқай шығады екен-ау? – деп таңданды Назарқұл. – Ұшқаттан сыбызғы жасайды. Қобызды үйеңкіден, ұрғашы қарағайдан, өрік ағашынан шабады. Т.Әлімқ.

Posted in

ҰРТЫ СОЛДЫ (СОЛПИДЫ)

~ … Елең- алаңда Қасболат жетіп келген. Астына мінген шал құйрық көк дөнен қара терге түсіпті. Өзінде өң жоқ, түс жоқ. Сүзектен тұрғандай құп- қу. Көзі бозарып, ұрты солып, ойсырап жүдеп кетіпті. С.Ом. ~ Өңі сынық, көз еті сарғайып, ұрты солып, бет сүйектері бұдырайып шығып кеткен, әбден қажыған кісі тәрізді. Қ.Ысқ. ~ Тіпті оның қыр желкесін де өрмекшінің торындай айқыш- ұйқыш әжім басып кетіпті. Ұрты солпиып, бет сүйегі томардай боп шығып тұр. Қ.Ысқ.

Posted in

ҰРҒАШЫ МЫСЫҚТАЙ ҚЫЛЫМСЫДЫ

Сайқал мінез танытты. * "Келсін өзі, алдынан өтейін, — деп шешті, — үйімізде тұрса, тұрсын, бірақ қазан-ошақ бөлек болсын. Ол бір, әне бір жезөкшені әкеліп, Әлімге қатын қылып қойды, ол жезөкше Сапардың алдында ұрғашы мысықтай қылымсиды да қалады. Оны да олай қалдырмаған жон. Сапарға айтып, Әлімге айтып қудыру керек. Қан майданда жүрген байына опа көрсетпеген ол қар бұл қораға опа көрсетер деймісің. Ә.Тараз.