Біреудің айтқанына келісе кетті, ыңғайына көшті. ~ — Ендеше мен ауданға аттанам. — Өзің біл, өзің біл, — деп Шайқы шал тағы ығына жығылды. — Бірақ оларды ертең қалага жүргізеді деген. К.Жүн. ~ Киевте наразылар билікті "Ресейдің ығына жығылды" деп айыптады. БАҚ. ~ Бірақ, сығыр болғанда теріс азу Нұрмамбет өз дегенінен әлі қайта қоймаған екен. Әйтек батыр, сен «қараға бас болған пан ханға нөкер» дегендей Жарылғап досыңның, ығына жығылатынын баяғыдан белгілі. Тамаққа тойса ашуы басылатын адам құн дауын дауламайды. Ж.Ахм. ~ Үздіктіре баурап алған сиқырлы сағымның не екенін жыға таный алмаса да, қарсылықсыз мойын ұсынып, ығына жығылады. Содан бермен шарасы тау- сылған бір дәрменсіздікке бой алдырған. С.Үс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫҒЫР ҚЫЛДЫ (БОЛДЫ)
Мазасын кетірді, шаршатты. ~ Қала үсті құзғын қарғаға толды. Қанаттарын сабалап, адамдардың мына ісіне ішек-сілелері қатып күлгендей үсті-үстіне қарқылдап, құлақты ығыр қылды. Ә.Кек. ~ Бірақ, әйтеуір, кеше ел шауып ығыр қып отырған Құнанбай өз ықтиярынсыз дуанға шақыртылып кетіп отыр. М.Әуез. ~ Адамды әбден ығыр қылатын, мазаңды алып, жүйкеңді жұқартатын ақ жауын. Ә.Асқ. ~ Қыстай неше түрлі шығыннан ел ығыр болды. Б.Қыд.
ЫҒЫРЫН ШЫҒАРДЫ
~ Топонимика деген бір пәле шығарды, түсінсем бұйырмасын. Экскурсияға сүйреп оқушылардың да ығырын шығарады. Қ.Мұх. ~… дәу рюкзагымен елдің бәрін түйіп ығырын шығарған жирен жігіттің өзінен-өзі айналып, ойнақшыған көзі мен ашулы жүзіне қарайды да әлдене деуге бата алмайды. Ж.Шам.
ЫҒЫТЫН ТАПТЫ
* — Әлжуаз болғанмен жүрегі мықты десейші, — енесі ығытын тауып айтып қалды. Қ.Түм.
ЫДЫС-АЯҚ СЫҢҒЫРЛАДЫ
Жұбайлар арасында келіспеушілік пайда болып, ұрыс-керіс шықты. ~ Әсіресе, өнер адамдарына қатал болмасаң, болмайды. Оларға еркіндік керек. Қатал болдым мен. Отбасымда ыдыс-аяқ сыңғырлады, мінезім бар. Мен періште емеспін. Мүмкін жаман шығармын", — деген ол қазіргі күні бұрынғы жұбайларына тек қана амандық тілейтінін мәлім етті. БАҚ.
ЫЗА (ЫЗА-КЕК) КЕРНЕДІ
* Осы тұрысында бойын ақ халат киген қызметкерді сабап тастайтындай ыза кернеген. Ж.Шамұратова. * Тұла бойын ыза-кек кернеп, өзегін өкініш оты өртеп бара жатса да, берілгендіктің белгісі ретінде амалсыздан оң қолына қыса ұстаған алмас қылышын үн-түнсіз төмен түсіре берді. Д.Рамаз.
ЫЗА БУДЫ
~ Сырт көз басқа адамдар Халиманың жабырқап, ыза буып, ашу үстінде тұрғанын тіпті де аңғара алмайтынына менің күмәнім жоқ. З.Нұрт. ~ Е-хе! – Иван таңырқай қарады. — Сен не оттап тұрсың?! Иттен туып, іннен шыққан хайуан! Өлексе… — деп Ваня-кочегарды ыза буды. — Ит ұрламаймын дейді, ей, мына баран. А.Алт.
ЫҒЫН КЕЛТІРЕ АЛМАДЫ
Ретін таппады, ыңғайын білмеді. ~ Мағрипа, Қанаттан именіп, тартынса да шалына қалай тисердің ығын келтіре алмай, бірде жадырап, біресе қанын ішіне тартып, сұрланып отыр. Тілінің желі бар, қаншымақтап сөйлейтін кемпірдің сыры өзіне мәлім. Т.Рыс.
ЫҒЫН ЫҚТАП, СӨЗІН СӨЙЛЕДІ
* Орда төңірегін жағалап, Ма Буфаңның ойыншығына айналып соның ығын ықтап, сөзін сөйлеп жүрген өз қандастарын көргенде Елісханның қайғысы одан бетер қалыңдады. Ж.Ш.
ЫҒЫНА (ЫҢҒАЙЫНА) ЖЫҒЫЛДЫ
~ Ертең, арыз жазып, жейді, ішеді деп көрсетіп жіберсе қайтеді? Ендеше, Алшағырдай ақкөздердің шамына тимей, ығына жығыла салған жөн. М.Қаб. ~ Бірақ, иі жұмсақ адам еді, онсыз да тағдыр тәлейіне түсіп жатқан балалардың көңілдеріне су сепкісі келмеді ме: «Жарайды, тауып әкелейін, бірақ ертең ұятқа қалдырмаңдар мені, эфирді былғап» деп ықтарына жығылған. З.Төлеу. ~ … гуілдей соққан желде де, оның ығына жығылған шөпте де… тамыры тереңге кеткен байыпты, байсалды бәйтеректе де, бар ауыртпалықты көтерген жерде де салмақты ой жатыр. Ә.Ысқ. ~ Әйтеуір бағына кенже ұлы мен соның келіншегі ғана ығына жығылып, жантайып жастық, иіліп төсек болады. Т.Рыск. ~ Шығыстың бір ғұлама ғалымы шыдамсыз ауруға былай деген екен: «Біз үшеуміз. Сен, сенің ауруың және емші. Егер сен ауруды қолдап, соның ыңғайы на жығылсаң, мен дәрменсізбін. Ал, сен маған сенсең, .онда біз екеулеп ауруды жеңеміз». Сол айтқандай түсін сен, жақсы ма? М.Сүн.
