| САБАУЫН САБАДЫ |
| Кәріне мініп, долданды. * Азулы Бөленнен өзге бір өріс тауып кетіп қалайын десе, ертеңінде-ақ ол сабауын сабап, Малдыбайға дүре соқтыруы кәміл. Ә.Шәр. |
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
| САБАТЫН ҚҰРТТЫ |
| Біреуге ауыртпалығын түсіріп, берекесін кетірді. ~ Бұдан кейін бірқатар дәурен өтті. Алматы жақтағы көтерілген қазақтар да аяғынан тозды. Боралдай төбесінде Байбосын секілді жақсы адамдар дарға асылды. Шұбарағаш дуанындағы қозғалған Қара Садыр екі болыс елдің сабатын құртып, қырғызып шыға берді. І.Жанс. |
| САБАСЫНАН ШЫҚТЫ |
| Шектен шықты, өз-өзін тия алмады. ~ Ханның ашулануы, сабасынан шығуы оңай емес, досының көңілді қалпы бұның жанына тие бастағанымен бұл да жайбарақат үн қатты. Ә.Тар. ~ Ұрғашы болып, өмірінде түтігіп ашуланып, шаптығып біреудің бетінен алып көрмеген шығар деп ойлаймын. Өзім әзірге Светаның сабасынан шыққанын көргенім жоқ. Т.Ахт. ~ Әсіресе, Ирена сабырлы көрінетін: сұңғақ бойлы, әманда ақ киіп жүретін ол ешқашан сабасынан шықпайтын, ашуланбайтын, әманда кішіпейіл еді… Ч.Пав. ~ Табиғат… құдайда да, адамда да жазық жоқ — табиғат кінәлі. Әлі бағындырып болғанымыз жоқ қой. Кей-кейде өстіп сабасынан шығып кететіні бар. М.Мағ. |
| САБАСЫНАН АСТЫ (ТӨГІЛДІ) |
| 1. Судың арнасынан шығып тасуы. ~ Айналадағы дүниенің бәрі малмандай болып, күмпиіп, ауырлап, енді суды бойына сіңірмей, кенересіне дейін меймілдеп толды да, сосын сабасынан асып төгіліп, жан-жаққа жайылып, кете берді, кете берді. В.Расп. ~ Өзіндік сарыннан айрылмайтын, сабасынан асып – таспайтын, бір мінезден айнымайтын қағылез, елгезек ақ бұлақ қана десек те, ол да өзінше мінез танытар еді. С.См. 2. Шамадан артық, асқындаған сезім туралы. ~ Сонан кейін– ақ кезекте тұрған шешелер мен жеңгелер, аға– бауырлар ортаға алып, қаумаласып әкетті. Көл– көсір ыстық ықылас, сабасынан асқан сағыныш. Қ.Жұм. ~ Қара бұлт қылаң бермей жел тұрмайды, Жел тұрса, тыныш жатқан көл тулайды. Төгілсе сабасынан ащы зарым, Қазақтың тау-даласы солқылдайды. Н.Айт. |
| САБАСЫНА ТҮСТІ |
| Сабыр тапты, ашуы басылды. ~ Ауылдың күн көрісі баяғы үйреншікті сабасына түсті. Ә.Шәр. ~ Не керек, жаңа түсіп өшіп қалды, жұлдызым. Дәлін айтайын! Әңгіме былай болған. — Түйілген қабағы сәл жадырап, сабасына түскендей ыңғай көрсетті. С.Ом. ~ Сол екі арада уақыт шіркін зырлап, екі-үш айдың жүзі болып қалыпты. Сағыныштары тарқап, асып-тасқан қуаныштары сабасына түскендей. Ш.Бейс. |
| САБАСЫНА ҚАРАЙ ПІСПЕГІ |
| Әркімнің өзіне лайық нәрсе бар, әркім шама-шарқына қарап іс істеуі керек д.м. . ~ «Үш жүздің» шығарған газеті де дөрекі болды. «Сабасына қарай піспегі» деген тәрізді, «Алаш» «көсемдерін» жамандағанда, тек дөрекі тілмен сөге береді. Айқын ережесі болған жоқ. С.Сей. ~ «Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі» демекші, жетімдер жатағының маңайы да тыр- жалаңаш, оның үстіне мұнда да тірі жандар бар-ау деп біздерді елеп, менсініп жатқан ешкім жоқ. Қ.Ысқ. |
| САБАСЫ ОРТАЙДЫ |
| Кедейленді. ~ Бірақ азғантай зйдербек ешкімге тізгін берген емес. Бай-бағланы, батыры мол. Соның ішінде Сырлыбай ауылының сабасы ортайған жері жоқ-ты. З.Шүк. |
| САБАҚ БЕРДІ |
| Оқу оқытты, дәріс берді, үйретті. ~ Әйтеуір он кластық білімім бар ғой. Әуелі колхозда есепші болдым. Содан бастауыш класқа сабақ та бердім. Жеткіздім, адам еттім. С.Шай. ~ Жұмабай сабақ беріп тұрып та насыбай ата береді. Б.Соқ. |
САБАСЫ ОРТАЙДЫ
Кедейленді. ~ Бірақ азғантай зйдербек ешкімге тізгін берген емес. Бай-бағланы, батыры мол. Соның ішінде Сырлыбай ауылының сабасы ортайған жері жоқ-ты. З.Шүк.
САБАҢА ТҮС
Сабыр ет, ашуыңды бас. * Дүние, пұл десе екеуің қашан «тойдым, тоқтадым» деп ең? Жасаумен, отаумен алсаң қашан тар келуші еді тақияңа? Тоқтал, енді есіңді жи, сабаңа түс? М.Әу. * … — бәрі-бәрі: «Сабаңа түс… Тап соншалық алып ұшатындай дәнеңе жоқ», — деп тұрғандай. Ә.Кек. * – Исажан, ақылың бар еді ғой, кел қасыма отыршы, сабаңа түсші, алқынның сөзін айтпашы. И. Байз.
