Қара жұмысқа бейім, көмпіс адам (ат). * Сен басшыларға бір табан жақынсың ғой. Біз секілді шаруаның торысына өсек екеш өсек те өзек талдырып зорға жетеді. Осы әлгі бірінші хатшының өседі дегені рас па? Қ.Ысқ. * Қысы- жазы малшылармен бірге сыз жастанып, қи төсеніп, қойдың құрттаған бақайына дейін бірге шұқыласып, жаны тыным таппайтын шаруаның торысы. Қ.Ысқ. * Ол бүгін де шаруаның торысындай бірде елпек, бірде аяңдай беретін бір інісін "қатарыңнан қалма" деп томпылдатып қуалап келеді… Қ.Ысқ. // КӨМПІС ТОРЫ
