* «Е, байқұс бала, іліп-аларыңа қарағанда, біз құсаған жалаңаш- жалпысың. Күңнің, құлдың баласы білем… Біз де қай бір шекеміз шылқып отырғанбыз? Ш.Құмар. * Сен керексің, талантсың деп, обалды ойлап қамқорлық жасаған басқалар болмады. Бөстегін арқалап ауылға келгенде де шекесі шылқығаны шамалы. Т.Сәу. * Ұрлықпен байығанды әлі ешкім көрген жоқ, көрмек емес. Бүгін уақытша шекесі шылқыған ондайлар ертең сұрықсыз күн кешері ақиқат, оған бөркіңді баса ки! Б.Қыдыр. * Далабай осы кезде елуден асып кеткен. Сәтмағамбеттің де шекесі шылқылдап тұрған жоқ. Осы үш үйлі табыншылардың ең бас көтерер азаматы демесең, көрген күнін итке берсін. С.Омар.
