Posted in

ШИЫРШЫҚ АТТЫ

1. Тықыршып, дегбірсіздену. * Бізді Жобалай сол үшін жиған екен. Сол хабарды естіген соң, бәріміз де қуанып кеттік. «Енді қашан соқтығар екенбіз?» – деп асығып, шиыршық аттық. М.Әу. * Ақдала жазығын қақ жарып өтетін таспадай тартылған жолға түскенде Әсетті тағы да қым-қуыт өкінішті ой билеген-ді. Өзінен-өзі елегізіп, шиыршық атады. Жазықсыз жалаға ұрынуының себеп-салдарын іздейді. Қ.Тол. * Сәбихан сездіріп алып жүрмесе игі еді деп шиыршық атқан ол қалың қоғаның арасынан өтетін сүрлеу жолмен келе жатқан аяқ тықырын, шолпы сылдырын естігенде астындағы тайшұбардың қапталын өкшесімен нұқып қалып, ұмтыла берген еді. Ғ.Біл. * Байділда ағасы Саурық үйінен шықпайтынды шығарды. Күн-түн демей Саурық маңында шиыршық атып жүрді. Ә.Шәр. * Әбжылан тағы бір пәлеге душар болғанын сезіп, жанұшыра шиыршық атып баланың білегіне оралды. ҚЕ. * Төрт жігіт беті- қолын шайып, орамалмен сүртініп жатқан Толя атайдың маңайында үймелеп, тар шоланда шиыршық атысып жүр. Ә.Асқ. 2. Қатуланды, қайраттанып, бекіді. * Би атасының ой-ниетімен отаспайтын, күреске құлшындырған қиялдармен шиыршық атып арпалысты. Ғ.Біләл. * Кәрі жуан жайсыз сөзді естіп, шамданып шиыршық атты. О.Сәрс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *