Posted in

ШУАҚҚА БӨЛЕДІ

* Әсіресе, жазушының "Ақбілек" романы – бастан- аяқ ішкі ұйқасы, ішкі сазы, ішкі үндестігі бар, ақ өлеңдей қабыл- данатын ғажап, көркем дүние. Мұндағы Алтай тауының табиғаты оқушының көзінің жауын алып, көңілін шуаққа бөлейді. С.Дәуіт. * Бұл қызды білгенім де кеше ғана ғой… Сонда қалай болғаны? Бір күн ішінде Гүлзина жүрегімді баурап, жан дүниемді шуаққа бөлегені несі? Ә.Асқ. * Көріпкелге қарсы ешкім де жауап қатқан жоқ. Ол көкке қараған қалпы әлденелерді айтып, жалбарынды. Көктен ерекше нұр құйылды. Көріпкел мен Жерді ерекше шуаққа бөлеп бара жатты. М.Рамаз. * Қара жартастың сол жақ бауырынан енді ғана көтерілген күн көзі жер – дүниені шуаққа бөлеп, баяу жылжып келеді. Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *