Posted in

ШЫЛБЫРҒА (ШЫЛБЫРЫНА) ОРАЛДЫ

* Минут өтпей, бұл жас әйел торы атты жүргіншінің шылбырына оралып, қарға тіккен сойылын алып, қараша үйдің белдеуіне қыстырды. Б.Майл. * Бұрын атын естісе де, өзін көрмеген атақты әншілерді көзбен көрген қара қауым кәрісінен жасына дейін жапырыла күтіп, кей ауылдар қиыла сұрап, шылбырға оралып, ақындарды екі-үш күн жібермей ұстайды. С.Жүн. ~ Осындағы атқа мінерлердің біразына жалындық. Сөзімізді жүре тыңдайды. Андып отырып, күнде әрқайсысының шылбырына ораламыз. Құлағына ілер ешкім жоқ. С.Жүн. ~ Елтірі тымақты көтеріп, тықырлатып алдырған төбесін сипады. Содан кейін Қазыбекке жақын барып шылбырына оралды. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *