Posted in

ШЫПА (ШИПА) БОЛАР

Ем, дауа болатын. ~ Өз жанын қинап, еңіреп жіберген. Кеудесін жандырған өксік арасында: – Айныдыңыз! Аздыңыз, Абай! Алтын сарай ырысым деушең бұл үйді. Өзегімді өртедіңіз. Енді дауа табар көңілім жоқ. Мен жылаулармын. Үйіңнің шырағы сөнді, шыпасыз дерт жеңді менің бойымды. Көңілімді дауалар, шыпа болар сөзіңіз жоқ. Түк айтпаңыз! Бітті менің күнім! – деді. М.Әу. ~ Жалғанда гүл біткеннің бәрі осында, Жалғанда шөп біткеннің бәрі осында, Адамға шипа болар дәрі осында. Кеңбұлақ – Менің бабам өскен мекен. М.Мақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *