Өмірінде еңбек етіп көрмеген ақсаусақ не жалқау адам туралы. ~ Өзі масыл, оның үстіне ішер ауызды көбейткені болмаса өгей әке шырпы басын сындырған жоқ. Жаз шықса ішкі жаққа сал айдауға кететін, бірақ одан сабақты жіп кірген емес. Қ.Ысқ. ~ Осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын жалшы әйелдермен жағаласып, әншейін ермек үшін оймақ алып кесте тіккендері болмаса, шырпы басын сындырған жоқ. О.Бөк. ~ Құданың құдіретінде шәк бар ма, ізгі ниеттерін жаратушы ие қолдап һәм ұлұғ сәруардың әулиелік қасиеті алқағандықтан шығар, олар шырпы басын сындырмаса да істері өрге басып өркендеп, байлықтары тасқындап лауазымдары биіктей беретін. Т.Сәу. ~ Өмірінде үйінен ұзап көрмеген бұның кәсібін айтсаңшы. Бастық шақырып алып тапсырма бермейінше шөп басын сындырмай отырады ғой, байқадың ба? Ғ.Қаб. ~ Ол жан қинап жұмыс жасамайтын кежір, шөп басын сындырмайтын кер жалқау кісі екен. Ү.Жәл.
