Менсінбей қарады, кеуде көтерді, кісімсіді, бәлденген кейіп танытты. ~ Бейшара-ау, шырт түкірініп жатпас па едің, Қымызды ішіп, насыбайды атпас па едің. Шіреніп маңғазсынып, маңызданып, Лепіріп ақыра сөйлеп, шатпас па едің?" С.Тор. ~ Жігіттің де жынына тиген қолтыққа батқан құрықтың уыты. Шелтиіп тұрып шырт түкірді. Шалдың бетіне түкіргендей кабинаға шіреніп кіріп еді. Қ.Ысқ. ~ "Қазақшаны ұмытып қалдым, менімен орысша сөйлесіңдер",- деп бір орысы жоқ түкпірдегі ауылдың жаман кеңсесінде шырт түкіріп отырушы еді. Д.Дос. ~ Ойбай, қойдық, – деді тісінің арасынан шырт түкіріп. – Бұл күнде қойбағардан жақсы ешкім болмай тұр ғой. Т.Әбд.
