1. Қыран құсты үйрету, қанатын бекіту үшін түлкі терісіне қызыл байлап сүйретіп, соны алдыру әдісі. ~ – Нені білдің, білсең, айтшы! – Жаздыгүні партия дауының болысы Арап- байдың кара шұнақ қызын үйіне тығып қойып, етке тойып, есі шыққан 5 жігітке шырға тартып, бір ауылнайдың іс- хатын алып кетті деп еді, со ғой. – А, солай ма? Білерсің. Ретін тапса, қарғаға қаз ілдіреді деген осы болатын. Ж.Айм. ~ – Мұныңа келісе алмаймыз! – Айласын асырмақ алаяқтардың пасық ойларының түбіріне балта шапты. – Біреуіңнің бет-жүздеріңді көрелік, ақшаны қолымызға әкеп беріңдер. Біз де өз қолымызбен бұйымтайларыңды табыстаймыз. – Мұнысы жай араларына шырға тартқаны. Ә.Ыб. 2. Біреуді алдап-сулап өзіне үйіріп, айтқанын істетті. ~ Ұстамақ боп сол құсты салып жүрген аңға əлек, Шырға тартты бір күні құс ұшатын маңға кеп Тегі қыран болған соң қалай ғана бөгелсін, Құс жаңылып жайылған торға түсер деген шын. Д.Әбіл. ~ Алдында алтын жатса, алмайтұғын, Жан-жағын, қу болмасын, жалмайтұғын. Өлген қоян терісін тұлып қылып, Тартқан шырға көрінсе бармайтұғын. М.Жү.Көп._
