Posted in

ШІЛДЕНІҢ ШІЛІҢГІРІ

* Ассалаумағалейкум, Есаға! Мына шілденің шіліңгірінде қасқыр тымағыңыз не? Қ.Ысқ. * аспан айналып жерге түскендей шілденің шіліңгір аптабында да мойнынан қамыт, мұрнынан мұрындық бір түспеді. М.Сүн. * Баяғыда деймін- ау, жылқы бағып жүргенде, торсығымыздың сыртын ақ киізбен қаптап, оны суық сумен шылқытып қойсақ, ішіндегі сусынымыз шілденің шіліңгір ыстығында да сап- салқын боп тұрушы еді… Д.Әш. * Бұл ауылдан аттанғанда, ел жайлауға жаңа беттеген шіліңгір шілденің басы еді. Қ.Жұм. * Шіліңгір шілденің беті қайтып, су суый бастағанмен Сыр жұрты әлі үйге кірмеген шақ. Қ.Түм. * Шілденің шіліңгір ыстығында сүйекті сырқырататын тау суының ызғарын өзің білесің, сол мұздай суды кеудесіне дейін кешіп, Жәмеш те аласұрып алға ұмтылады. Д.Әш. шілдесінде шырақ көрмеген – Мен бұрынғы Қарқаралы уезіне қарасты Балқаш болысында, Балқаш көлінің жағасында 1865 жылы туыппын. Әкем Қошқарбай шілдесінде шырақ көрмеген кедей еді. Жасым оннан асқан кезде әкем өліпті. Ендігі бас көтерер шешем жарымжан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *