Ұрыс-керіс, дау-дамай , шу шықты. ~ Көшеден тұтқиыл айғай– шу шықты. Гауһар үшінші қабаттағы кластың терезе тұсындағы партада отырған. Шұрқан шыққан жаққа мойнын созып қарады. Т.Рыск. ~ Шөке бүгін бөкенің үйінде болған. Іргедегі үлкен үйден шыққан шұрқанды естіп жүгіре жеткен еді. Б.Жұм. ~ Иә, солай болды… Ана бір қара атқа мінген, дөңгелек қалпақты жуаны, дәуде болса, Дохалдай мен Бахалдайдың бірі. Осылар шұрқан шығармаса жарады, — деп Тыныбай да секем ала сөйлеп тұр. Қ.Жұм.
