Көнеден қалған ырым-кәде. Көктем туғанда әйелдер қолдарына ағаш шөміш алып, "Сүт көп, көмір аз" деп, ақтың мол болуын, мал-жан аман болуын тілеп, шөміш қағып, отқа ақ құяды. ~ Бекең кемпірінің қытымыр жүзіне тура қарай алмай қипақтап қалды. «Бәтшағар, сол жағынан тұрды ма, сонша қуырып» деп күңкілдеп қойды. Балсары ауыз бөлмеде ыдыс– аяқтарды даңғыр– дұңғыр еткізіп шөмішті ала шықты. Үйді айнала жүріп: «сүт көп, көмір аз, сүт көп, көмір аз» деп ырым қып шөміш қақты. С.Мұр. ~ Дала… төрт тұяқтың тозаңынан айырылып, тынысын кең алғандай еді. Онымен бірге кеше күн күркіреді! Күн ерте күркіресе ырысты жыл боларын шалдар бал ашпай біледі. Кемпірлер үй айналып, шөміш қағып, отқа ақ құйды. О.Бөк.
