Posted in

ШӨРЕ-ШӨРЕ БОЛДЫ

~ Қайран бұлықсыған мырза, бақтиярларым-ай, марапатқа ғана лайық бауырларым-ай, қор болды-ау. Ішінен ірепдел ойып таңдап алып тасқа салсаң, тауды бұзып беретін ақиықтарым-ай, кәссіз, ессіз қалды-ау, шөре-шөре болды-ау. Б.Қыд. ~ Вагонда жұрт алғашқы күні-ақ шөре-шөре болып, екіден, үштен үйір құрып, әр топ өзінің "бетін ашып" алған. Карта ойнайтындары – картаға, ішетіндері – ішімдікке, әңгімешілдер – әңгіме-дүкенге, ұйқышылары – ұйқыға берілген. Ә.Тар. Не істеп, не қоярын білмей басы қатты, әрі-сәрі күйге түсті. * Жұртқа мәлім,Ақмырза Сәбет үкіметіне қарсы көтеріліс ашқанда‚ ел қай жаққа шығарын білмей,шөре-шөре болды. Б.Алд. * Атасы мойнына тәспиық салғанда, бұл шіркін о баста сүндетке отырғызылмай қальш, не сәждеге жүгіне алмай, не шоқына алмай шөре-шөре боп жүрген түрі мынау. Қ.Ысқ. * Ішінен ірепдел ойып таңдап алып тасқа салсаң, тауды бұзып беретін ақиықтарым-ай, кәссіз, ессіз қалды-ау, шөре-шөре болды-ау. Б.Қыд. * Сендер өзара қырқыссандар, шөре-шөре боп, елдің берекесі кетеді. Б.Алд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *