Бірден оянып, есін жиып алды, ұйқысы тарап кетті. ~ Өзім ондайда сергек ұйықтаушы едім, көзімді ашып алғанда ұйқым шайдай ашылып кетті. М.Әу. ~ – Жете қалсаң тік ұрма, шоқпарыңа тіреліп жығыласың. Қатарласа беріп, қара тұмсықтан қаға ұр… – деп әдіс те үйретіп үлгірді. Сарыбала жайдақ, ұйқысы шайдай ашылған, қасқырға көзіге ағызып келеді. Ғ.Мұст. ~ Қария мінген мезеттен ұйқысы шайдай ашылады. Әңгімелерін тамсана тыңдап, Кентауға жетеді. С.Қасымб.
