Бүкіл әулетімене айдалаға қаңғырып кетті д.м. (Бұл жердегі "ұрым" Қырымның "урум" деп аталатын көне халқына қатысты шыққан болса керек. Б.К.) * Шыңғысхан мен Жошы кезінде қазақтардың бірнеше бекзада, батырлары Монғол императорының Ұлы Ордасында қызметке әкетілген. Қыскасы бір кездегі айбынды елді дұшпандары талан-таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қырымға шұбыртады. Қазақтың батыр жігіттерін топтап құлдыққа, мүсінді қыз-келіншектерін үйіріп күңдікке сата бастайды. І.Ес. * – Асықпа! Сені де Құдай ұлыңды ұрымға, қызыңды қырымға тентіретер әлі. М.Дүйс. ~ Ерлердің ері – Сырым Датұлы, Ерлік пен рух – мұның жақыны. Қайрат қылыпты тентіремесін деп Ұрымға ұлы, Қырымға қызы. Д.Дәу. ~ Тіні берік, сауабы мол, жаны игі Әрбір күннің бояулары әртүрлі. Ұлы Ұрымға, қызы кетіп Қырымға Жүрсе де адам келмейді ғой өлгісі. Күн қызуы, мұз суығы, шынында, Жұмақ пенен тозақтың бір белгісі. А.Шаях.
