Posted in

ҰСТАҒАННЫҢ ҚОЛЫНДА, ТІСТЕГЕННІҢ АУЗЫНДА (кетті)

Кім-көрінгенге жем болды д.м. Сонда сол отанындағы қасиетті топырақ өз қандастарына да бұйырмай, ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетсе, олар үшін де бұдан асқан қасиет жоқ екендігін естеріңізге салғымыз келеді. Д.Мәсімх. Атадан қалған дәулеттің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне де онша іш жимайтын. Ы.Дәбей. Қайта мал үстіне мал қосылумен келеді. Бірақ сол байлықтың бір кездері ұстағанның қолында, тістегенніңаузында кетеді деп кім ойлаған. О.Көш. Байың оралса, мейлі-ақ. Келмесе етегіңе намаз оқығаныңды көреміз әлі. Жас неме ұстағанның қолында,тістегеннің аузында кетіп қалмасын деп… Өз пайдаңды білмесең, өз обалың өзіңе де… − әйел бұрқылдап-бұрқылдап кете барды. Кетіп қалып, лезде қайта оралып есік ашқан. Н.Дәу. Ол жақта да асулы тамақ, салулы төсек тұрмағаны рас. Өзінің ғана жиған-тергені болмаса, әкесінің бүкілқазынасы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *