Есепке алды, қатарға қосты. * — Егер балалары жақсы болса, ол кәрілердің аса бір қуанышы емес пе? Оны неге санаққа алмасқа? І.Ес. * Мерген екен! – деді Абдолла жүзінен ешбір қобалжу белгісін көрсетпей. – Тұрымтай өзі ұшқан жоқ атып құлатты ғой, бұл санаққа алынбайды. Басқасын отырғызыңдар. І.Ес. * Сен ұмытпай тұрғанда жирен бие мен торы құнанды актілеп шығарып бер есептен. Санаққа түсіп кетіп жүрмесін. Орыс болсаң да достыққа берік, көңіл жықпас жолдас боп кеттік. Шыны солай-әй! – деп әкең өзеурейді. Д.Досж.
