Posted in

САП АЛТЫН

Қоспасыз, мінсіз, тап-таза (алтын). ~ Аналық сонда толғайды: – Бір жылқыдан кем шаппас, Келінжан баққан бурыл ат. Денеге мылтық тигізбес, Үстіңе киген алаңқат, Қынаптары сары алтын, Ұстаған жері сап алтын, Балдағы алтын шар болат, Шырағымның шыбын жан – Бәріңе бірдей аманат! "Қобыланды б." `А.Байт.) ~ Не тілесең менде бар: Сансыз қызық көп нәсте. Хош иіске толтырар. Березе, гүлді маңайын: Бұлақтарым мерует, Сап алтыннан сарайым – – Жан- ата, орман патшасы Сөйлеседі менімен. Мерует, маржан, қуаныш, – Жаным, жаңылыс естисің – Береді алтын кенімен! – (Береген патша ол неткен?) А.Байт. * — Осы елдің өзі консерваторияда екенін білмейтін бе едің? Мұндай сап алтын елде жиі кездеседі. Ғ.Слан. ~ Мақал-мәтелдер сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Сап алтындай таза, қоспасыз асыл сөздер. Ө.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *