Posted in

САП ТИДЫ (ТЫЙДЫ)

Дереу тоқтатты; бірден қойды. * Қол жасақтап, көрінбейтін жауды ұстауға сайда бас бұғып бір топ жігіттер жатады. Ондайды жоғарыдан көзі қырағы Бала батыр біліп қап сәтте шабуылын сап тияды. Ш.Құм. * Өзбекстан соның нәтижесінде діни экстримизмді сап тиды. БАҚ. * Күлкісін тоқтата алсайшы. Қанша күлерін кім білсін, екі адамды көрді де күлкісін сап тиды. Бұл адамдар – жазушының жаңа әңгімесінің кейіпкерлері еді. А.Мант. ~ Әйел одан көзін тайдырмай қадала қарап қалған, жас жуған жүзі боп- боз. Агбаның өзін орнынан тұрғызғанына үміттенген, әрі сескеніп шошынған түрде өксігін сап тыйып сілейді де қалды. – Кетіп қал! Жылдам кет! – деп қатая түсті араб. А.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *