~ Әншейінде шалқақ басатын кербез кісі еңіске қарай жүргенде емпеңдеңкіреп кеткен сияқты. Ә.Кек. ~ Лауазымы барларда үрей қалмаған. Жел қай жағымнан есер екен дегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ қараушылар көп. Кеше ғана сапырып ішіп, шайнамай асап, шалқақ басып жургендердің жүні жығылған. Б.Тоғ. ~ Мысалы, мына мен. Нем бар айдаладағы Молотовта. Жүрмеймін бе, Мыңбұлақта шалқақ басып. Бірақ біз де бір түнде көше жөнелдік. Ш.Мұр.
