~ Өтінішін қабылдады. Өйткені‚ малдың бабын табар мұндай қойшыны колхоз бастық бұл өңірден шам алып іздесе де таба алмайды. Қ.Түм. ~ Алтын шыққан жерді айтатын ақымақты күндіз қолына шам алып іздесең деп таппассың, – деп мырс етіп күлді Бейқұт. – Кешке телефон соғарсың. АҚ "Карта". ~ Маған, әсіресе, ұнайтыны Сәкеннің ақындық еркіндігі. Кібіртіктеу, тұсаулы аттай шоқақтау Сәкен өлеңдерінен шам алып іздесең де таптырмайды. Т.Молд. ~ Не дейді, онда аса бір таптырмас қазына болдым десеңші. Ондай адамдарды біздің Академия шам алып іздеп таппай жүр. Қиссаларды домбырамен айтатын шығарсың. К.Қаз. ~ Қарабайырлау. Қарабайыр дейсің, кейбіреулер мына жарқылдақ заманда сондайларды күндіз қолына шам алып іздеп таба алмай жүрген жоқ па. М.Қаб.
