Posted in

ШАРУАҢ ҚАНША

~ Ұйықтарда мені орталарына алып жатты. Түн ортасында ұйқылы ояу күйімде сөйлеген сөздерін естіп жатырмын. – Әрі кетші, әрі,- дейді апам әкемнің қолын менің үстімнен итеріп. – Шаруаң қанша менің баламда? Ж.Шаш. ~ Бірақ өзі Асқардан әлі күнге бірде-бір хат алмапты. — Жә, ол жазар – жазбас — онда шаруаң қанша. Онсыз да жұмысы басынан асады, күйіп-пісіп жүргені, хат жазуға мұршасы бар ма. Ә.Әл. ~ Бір бастық келеді, бір бастық кетеді, сенің ондағы шаруаң қанша?! Солай емес пе? — деп өз сөзін мақұлдатып бір қойды. С.Мұр. ~ Орындыққа отырған соң: — Қай ауруханадансың? — деп едім, "бәсіре" масым: — Онда сенің шаруаң қанша? — деп көзін алартты. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *