1. Қатты жылап жіберген баланың дауысы. * Үстел шетінен орын тиген бұл бір кесе шайды аузына ала бергені сол… түкпірдегі бөлмеден шар ете қалған сәби үні естілді. Д.Әш. * Кенет нәресте шар ете түскенде шошып оянды. Н.Қабдай 2. Жан даусы шықты, баж ете қалды. * Салауатов телефонға жармаса бергенде, Сырдақов шар ете қалды. – Ағатай, звондамаңыз. Әйеліме қырсығым тиіп жүрер. К.Қаз. * Бас редактор – тақырыбына қарай салып, от басып алғандай шар ете қалған. С.Иман.
