Алты жасқа толған саулық. ~ — Әзірше төлдеген екі жүзге жуық саулықтың отызы ғана егіз тапты. Құданың әмірі, жылда егіз тауып жүрген шар саулықтардың өзі биыл шегірткедей ғана жалқы қозы туды. Қ.Жұм. ~ Басқалар бес қоздаған саулықты қартайды деп етке өткізеді. Ал мен егіз туатын саулықтарды жеті- сегіз қоздағанша қолдан шығармаймын. Байқаған шығарсыздар, менің отарымдағы саулықтардың жасы біркелкі емес: шар саулықтар да, солардан тараған тұсақтар да бар. Қ.Жұм.
