Шығынға жол бермеді; бәрін сақтап қалды; бір уыста ұстады. ~ Бір адам бүлк етпеді. Тосын келушінің бір сөзін шашау шығармады. Құлақтарын тесей телміре қалыпты аузына. Ғ.Мұст. * Оның бар қуанышы – аласапыранда бір де бір малды шашау шығармағаны еді. Ә.Шәр. * Баласы Бертіс әкенің дәулетін шашау шығармай Совет өкіметіне өткізді. Т.Әсем. * Өйткені бұл – туып-өскен, ата-бабамыз сүйегі жатқан жер. Тек сақ бол, ешқайсысын шашау шығарма. Мен елге қайтайын. М.Әбдіх. * Бұл – менің емес, көптің тілегі де болар. Маңғыстауды қу дала болса да, қолымыздан келгенше бір жауға топырағын бастыр-маймыз. Өйткені бұл – туып-өскен, ата-бабамыз сүйегі жатқан жер. Тек сақ бол, ешқайсысын шашау шығарма. М.Әбді.
