Posted in

ШАҚШАДАЙ БАСЫ ШАРАДАЙ БОЛДЫ

Миы ашыды; не істерін білмей, ойы сан-саққа жүгірді; басы мең- зең болды. дұрысы: ШАРАДАЙ БАСЫ ШАПШАҚТАЙ БОЛДЫ Қатты абыржыды; не істерін білмей, састы, дал болды. * Сөйтіп, Адам санасында екі үн тайталасқа түседі. Арпалысады. Сенің шақша басың шарадай болады. Адамға сол екі үннің бірін таңдау еркі берілген. С.Елуб. * Шақша басы шарадай болған Бақытжан өлердегі сөзін айтып жіберген соң және тойдан түсетін ортақ «қазынаның» қақпағын да толығымен өз қолына берген соң, Мақай келіннің бетін ашуға еріксіз көнеді. С.Мұқаш. * Көненің көргені көп. Даудың қилы-қилысы алдына келеді. Шақшадай басың шарадай болады (С. Төл.). * Жұлқынып жұмыс істеймін деген кісіге – ауыл аймағында нан табар қарекеті болмай, жұмыс іздеп, ел-елді шығандап кезіп, шақшадай басын шарадай етіп жүрген өзбекті көреміз. Д.Досж. * – Саған көптен бері айтпай жүрген бір сырым бар. Ол сырды ана екі қатынға, әзір білдірме, олар білсе, шақшадай басымды шарадай ғып ойран салады. Ә.Шәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *