Posted in

ШОШАЙЫП ЖАЛҒЫЗ ОТЫР (ТҰР, ҚАЛДЫ)

Жападан жалғыз, бір өзі ғана. * Есеңгіреткен ойлардан есін жиғандай кезде өзінің шошайып жалғыз отырғанын көрді. С.Смат. * Осылай тұрып, залдан Гауһарды іздеп, тауып алдық. Әне, ол екі бос орынның ортасында шошайып жалғыз отыр. Б.Соқ. * Шихалдай төрдегі үстел басында шошайып жалғыз отыр екен. Қ.Жұм. * Жұрт: «Әйтсе де Бәтиманың осынысы ақыл болды, шошайып жалғыз отырғанша екі әйел бір — біріне көз қара, бір дос» десетін. Т.Ахт. * Шорт сынған сағы, шошайып жалғыз Түке тұр, Күңірентіп жүрген күрең ат қайда мақтаулы?! М.Мақ. * Бір үйде шошайып жалғыз қалған қайғылы Күлжекей басындағы әлемет ауыртпалық өз үстінен зілбатпандай басып, күйретіп бара жатқандай. С.Омар. * Арлан бөрі қиыр шошақ басында қан құсып шошайып жалғыз қалды. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *