* – Мақұл, Ереке, мақұл. Тастай батырып, судай сіңіремін ғой, – деді шыбындаған аттай басын шұлғып. О.Бөк. * Ыбекеңнің отырысы, арақ ішкенде көзін жұмып нан иіскейтіні, жастыққа қисаймай тік отыратыны; облыстан келген уәкілдің шыбындаған ат құсап басып кекжең еткізіп, шашын кейін сілкитіні, шай үстінде темекі тартатыны, ішкен сайын қызарып келе жатқаны тағы сол сияқтылар әңгіме болды. Т.Әбд. * – Барайын, – дедім басымды шыбындаған ат¬ша шұлғып, – шын шақырсаң неге бармайм… барам. Ә.Асқ. * Мен шыбындаған аттай басты изеп-изеп жібергенмен, іштей пырс-пырс күлемін. Жоңышқаны жақсы көретін қасқа сиырға дауа жоқ. М.Қаб. * Мен бойымды тіктеп, сымдай тартыла түстім де, басымды шыбындаған атша шұлғыдым. Ә.Асқ. * – Әрине, құлыным, әрине!.. – Бұл шыбындаған жылқыдай бас шұлғи берген. Т.Сәу. * Біз сіздің айтқаныңызды бұлжытпай орындаймыз,-деді бадырақ көз Арқатай Есенович басын шыбындаған жылқыдай қайта – қайта шұлғып. С.Досан.
