Өміріне қауіп төндіре отырып, әлдебір іске тәуекел етті. * ― Ойбай-ау, танымайтын, білмейтін қарулы адамдарды қарсы алып, өле алмай жүр дейсің бе? Шыбын жанымызды шүберекке түйіп отырғанда сен көріндің… Б.Тоғ. * Жыланнан қорқып, ұясын мәжнүн талдың суға төнген солқылдақ шыбығының ұшына салып, шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген бас бармақтай зымыранның өзі маса-шіркей қақшып тамақ асырайды. Ш.Мұрт. * … Мұздауанда шейіт кеткен мыңдаған қазақ, сол қазақты құтқару жолында шыбын жанын шүберекке түйіп, қанмайданға кірген батыр Мергенбай хақында өзім білетін біраз жайды жазбасам болмайтынын ұқтым. Қ.Әбілқайыр * – Сонау от пен судың ішінде, шыбын жанын шүберекке түйіп, қан кешіп, ажал оғына басын төсеп жүрген армандай азаматтың қай-қайы да қымбат, өз баламдай ыстық. М.Сүн.
