Айрықша, жөні бөлек; елден ерек, әккі. ~ Қараөткелден келген бір келіншек бар осында, Кескіні онша шығаннан шыққан сұлу емес, бірақ, мінезі жібектей есіледі, әзілге судан жүйрік! Күйеуі момын жігіт көрінеді. Биі – келіншегі. С.Мұқ. * Тері – терсек жинап, ауылға келіп-кетіп жүретін. Әйімхан дейтін жақын жеңгем бар еді. Шығаннан шыққан жылпос. Қайдан тапқанын, сопы тауып алыпты. Б.Соқп. * Ертең алтыда соқсаңыз, қылмыстар тізбегіндегі осынау шығаннан шыққан шетін істің шын мәнінде қандай маңызы барын тіпті дәл қазірдің өзінде әлі айқын ұғына қоймағаныңызды дәлелдеп берер едім сізге. А.К.Дойл. (ауд.) * — Менің Қожашым тірі болса, ешкімнен кем болмайды. Өсе келе өзі-ақ түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді шығаннан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдерінің айтқанын орындап, кейде әтіншік боп жүр ғой. Б.Соқп. * Бұл ара кілең бір шығаннан шыққан сырқындылардың басы біріктірілген «құмырсқа илеуі» еді. Ғ.Біл.
