* Жан Жак Руссоны кұлдық ұрып пір тұтатын оның табиғат, орман, дала, хайуанат десе шығарға жаны басқа. Ә.Кек. ~ Ондайда қаралай өліп-өшіп, шығарға жаны басқа болып отырған ынтық қыздар іштей шыбын-шіркей боп аяса, қырғи келіншектер осынша нәресте бозбалаға бұрынғыдан бетер сұқтана түседі. Ә.Кек. ~ Сен менің көкемді білмейсің. Ондай адам аз. Көкемнің мен дегенде шығарда жаны басқа. С.Смат. ~ Оны осыған дайындаған да інісімен ымы- жымы бір, інісінен шығарда жаны басқа жан- апасы Кəмеш еді. З.Қаб. * – Рақмет, шырағым,- деді Қожекең кәдімгідей риза болып, – Құдайдың бұйрығы шығар. Шығарға жан бөлек болған соң, амал жоқ. Қайтейік… Т.Әбд. ~ Өлмеген шығар деп, сойыл тиген жерлерін қолыммен сипап көрдім. Бірақ құлақтан кеткен қанды көргенде күдерім үзіле бастады. Амал қанша, шығарға жаным-бөлек. Керегеге салып Өтеген екеуміз ауылға алып келдік. Т.Әбд.
