Бет қаритын суық. ~Аспан шыныдай жалтыр, кешеде кірлеген күртік қар, ауада ызғар бар, шыңылтыр аяз шағып тұр. Н.Сер. ~ Таң сібірлеп енді атып келеді. Дүние тып-тыныш. Тып-тыныш дүниенің бетін шыңылтыр аяз жалап тұр. Н.Дәут. ~ Сумаңдаған суық жел алып ұшақтың жылы салонынан шыққан жолаушылардың қойыны – қонышын кеулеп, денесін тітіретті. Шыңылтыр аяз бет шымшиды. С.Дос.
