Біреудің айтқанына келісе кетті, ыңғайына көшті. ~ – Ендеше мен ауданға аттанам. – Өзің біл, өзің біл, – деп Шайқы шал тағы ығына жығылды. – Бірақ оларды ертең қалага жүргізеді деген. К.Жүн. ~ Киевте наразылар билікті "Ресейдің ығына жығылды" деп айыптады. БАҚ. ~ Бірақ, сығыр болғанда теріс азу Нұрмамбет өз дегенінен әлі қайта қоймаған екен. Әйтек батыр, сен «қараға бас болған пан ханға нөкер» дегендей Жарылғап досыңның, ығына жығылатынын баяғыдан белгілі. Тамаққа тойса ашуы басылатын адам құн дауын дауламайды. Ж.Ахм. ~ Үздіктіре баурап алған сиқырлы сағымның не екенін жыға таный алмаса да, қарсылықсыз мойын ұсынып, ығына жығылады. Содан бермен шарасы тау- сылған бір дәрменсіздікке бой алдырған. С.Үс.
