Талай жылдар мақсат-мүддесі ортақ болып, қатар жүрген жақын жандар. ~ Пәтшағардың түймедей көздерінде анау айтқандай жаулық жоқ, Қабекеңе күнде иық тіресіп, қатар жүрген жақсы жолдас, үзеңгілес досындай, әйтпесе шапқан шөбін айырласып жинасуға келген ауылдасындай жымиып қарайды. М.Қаб. ~ Көбей – он жыл бірге оқыған, тай- құлындай тебісіп бірге өскен кластасы еді. Балалықтың қызығы мен шыжығын үріп ішіп, шайқап төгіскен үзеңгі досы еді. Ә.Асқ. ~ Сонымен ақталған, орден, медаль алған Сүлейді ауыл советке төраға ғып сайлап кеп жібердік. Бұрынғы үзеңгілес жора-жолдастары жебепті деді ұзынқұлақ. М.Қаб. ~ Өз басым сол ақсақалдардың, үзеңгі жолдастардың, әріптестердің қадіріне жете алдым деп ойлаймын. Н.Нүсіпж.
