Posted in

ҮЙІРСЕК АЙҒЫР (АТ)

~ – Бетім-ау, қамыт аяқ, қайным-ау, сен не бетіңмен бүгін ет жейсің? Қолыңа қайла алып, қарыс жерді қопарып көрген жоқсың, үйірсек айғырымсып, қатын-қалаштың жанынан шықпай жүруші едің, – деп, бір тайқазанға емініп, еттің көбігін алып жатқан тобылғы жүзді жас қатын әзіл айтқан. К.Сег. ~ Қалың жылқы жиі-жиі пысқырып, пырылдап анда-санда тай-құлыны, үйірсек айғыры кісіней түсіп, сайдың шөбін бырт-бырт үзіп, Бақтығұл жаққа қарай сырғып беттеп келе жатыр. М.Әу. ~ – Ауылға сирек келетін болдың, келсең де бұрылып соқпай кетесің? – деді Қаншайым. – Үйірсек аттай емпеңдей берсең – ағайынға қадірің болмайды, – деп, Байсұлтан бір тілім қазыны таңдайына басты. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *