~ Түрікпен Артекеңе қасқыр әкеліп байлапсың ғой! — деді Есеней. — Қолға түскені жалғыз осы. — Арланы екен үйірімен үш тоғыз болсын, Артеке. Екі түлкіні қосақтай көтеріп аңшы Мүсіреп келді. Ғ.Мүс. ~ Құсы да иесіне қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда. «Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап, Жасы үлкені жанына байланғанда. Сілке киіп тымақты, насыбайды Бір атасың көңілің жайланғанда. Абай. ~ Жоламан қамшының сабымен түлкінің тұмсығынан тық еткізіп, сұлата салды. Бауыры сарғыш, жоны сұрғылт арланы екен. "Үйірімен үш тоғыз" деп қойып, терісін сойып алды. С.См. ~ Оны-мұныға кедейміз десек те, сөз бен жиынжиналысқа баймыз ғой, уақытымыз артығымен жетіп жатыр, бізді өзі іздеп келген сөзді «үйірімен үш тоғыз» деп тыңдай берейік те, кәнеки… Ғ.Қаб. ~ Сегіздің қасына Балпан мен Айбас бар, алты жігіт ерді. Ағайынның бергені, Топы шаңырағының өзінен шыққаны, бәрін қосқанда, үйірімен үш тоғыз еді. Құлынын еріткен тоғыз байталды қазақ бір тоғызға есептейді. Оған ішіндегісін қосып, жиырма жеті басқа жеткізетін еді… З.Шүк.
