Шектен шыққан кедейлік; ішерге асы, киерге киімі жоқ; тақыр кедей. * – Тентектің жазасын өзі берсін деп саған әкелдім.–Үрерге иті, сығарға биті жоқ бұл бейшараға не билік жүрсін. Билік өзіңізден, үкірдай! Ж.Шәке. * Жоңғарларға телім болып, басыбайлыққа көнер күн туса үрерге иті, сығарға биті қалмай тоналар, тақыр жерге отырар… Ғ.Біл. ~ ~ Менің түрім мынау, – деді Тақатар үсті-басын көрсетіп, жасын сүртіп, – «үрерге – ит, сығарға – бит жоқ» дейтін кісің менмін. Балық болмаса аштан өлетін қалпым бар. Мен ғана емес, балықшылардың бәрі де. Нәсіпті көлден тілеп, «аштан өлмей, көштен қалмай» дегеннің кебін киіп жүріп жатырмыз шырағым. Ендігі тілегім, – өзің атын қойған сәбиім. Тәңірі, ылайымда, мен көрмеген жақсылықты соған көрсетсін. С.Мұқ.
