Posted in

ҮСТІНЕН ТҮСТІ

1. Дәл келді, уақытында келді; тап болды. * Жүктерін тиеп, бір жаққа көшіп кеткелі жатыр екен. Дәл сол көштің үстінен түстік. Олар қарусыз. (Қ.Бегм. – Ж.Баб.) – Нұртаза бүгін жабағы сойған, аузыңның салымы бар екен, тура жас еттің үстінен түстің. С.Жүніс. Бас амандап Баркөлге, Әліп үкірдай ауылына жеткенде қызылжоса қан, шашылған өлік, ауырқырғыншылықтың үстінен түсті. Ғ. Біләл. 2. Ұстап алды; қолға түсірді, қылмысына куә болды. Абдоллаға «Аттардың көзін құрт» деп, сіз бен бізден жасырын шаптырып жіберген кісісінің үстінен түсті. Ж.Ахм. – Жо-жоқ, о не дегеніңіз! – деді Бахтияр ұрлығының үстінен түскендей қызарақтап. Ішінен «Шіркін,осындайда тартып жіберер жүз грамм болса ғой!» деп ындыны құрып-ақ отырған. – Астан үлкен дәм бар ма! Т.Сәу. 3. Ойын, көңілін дәл тапты; қателеспеді. * Тоқсанның не айтқалы отырғанын тұспалды сөзінен түсіне қалған Құрымсы: Сондағы атағалы отырғаның Есеней ме? – деп сұрады. Үстінен түскен сөздің несін қайталайын, – деді. С.Мұқ. * — Жегжатыңыз әлгі Ситан емес пе? — Үстінен түстің. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *