Қолынан келгенді істеді, өйтіп-бүйтіп, амалын жасады. ~ Шешесі бұл уақытта ауыз жапқан жоқ. Кебісінің өкшесі тырп-тырп етіп, бір кіреді, бір шығады. Сөзді үстемелей төгеді. – Мына шағыл жұтпаса біз, мен кімге керекпін? Бес жылдан кейін келсең де, осы жерде түтін түтетіп, қоқып-соқып отыра берем. А-аа? Бес жыл дедім бе? Астағыпіралла, ауызыма қайдағы сөз қайдан түседі? Хат жазсаң, сүгіретіңді салып тұр. Сөйт, қағазыңды оқи алмағанмен сүгіретіңді танимыз ғой. Ж.Нәж.
