Posted in

ҰЙҚЫ (ҰЙҚЫНЫ) СОҚТЫ

Алаңсыз, қалың ұйқыға берілді. ~ Кешке келгесін пырылдып ұйқы соғасың. Тамаққа тойғасын, басың қаупиіп тағы ұйықтайсың… О.Сәрс. ~Тұмсығын көрпе шетіне тығып алып, ұйқы соққан тарғыл мысық аяқ жақта қаперсіз бырылдайды. М.Қаб. ~ Іше берсең қымыз да мас қылады. – Айранға мас болып, пішен шабатынын ұмытып, бір тәулік ұйқы соққандар да бар… – Ха… ха… хық! Қымыз бен айран да харам болды ма? Т.Рыск. * Үй жанында дөңгеленіп алып, ұйқыны соғып жатқан сұр төбет басын көтеріп, «Тыныштық па?» дегендей маңқ етіп, бір үрді … К.Сегізб. * Тыр-тырлап от алып, оятып жіберетін трактор, машиналар бүгін үнсіз қаңтарылып тұр, сондықтан ит атаулы аула-аулада ұйқыны соғып жатыр — күн жексенбі! М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *