Posted in

ҰЛЫ ЫРҒАҚ

а) Жетекші мазмұн-мән. * Кісі әңгімесінің ұлы ырғағын осылайша ұққан Сүйінғара сөз аяғына шыдап отыра алмады.- Сонда олардікі не уағыз? Не деп жүр өздері? Сүйінғараның сұқтана, сұғына қараған жүзіне қонақ жалт бұрылды. Сөзін шорт тоқтатты. М.Әбдіх. * Ол кісінің бас көтергеніне үш-төрт күн болса да, сөзі шұбалаңқылау үздік-создық шығады. Дегенмен, әйтеуір ұлы ырғағын түсінуге болады. М.Әбдіх. * “Әйелім пәленше! деп несіне мақтанамын. Ауылға ие бар. Мен көппен бірге болуым керек!”. Өмірзақ жауабының ұлы ырғағы осы. М.Әбдіх. ә) Негізгі сарын, әуен, нақыш д.м. ~ Адамшылықгы мына пенделер айдаладан іздеп алақтай, жалақтай бергенше – айналып кеп өзіңе жүгінсекші, жарықтық! Дүм-дүние әлеміндегі үзіліссіз ұлы ырғақ пен өз қимылыңның арасында жанға сезілмейтін ұйқас, ұнасым, жарасым бар дегені рас шығар. Д.Досж. * Ел көзіне еліктей боп ерте түскен Зейнеп ең. Мейір қанар, бойынды алар ұлттың ұлы ырғағы Сенің ғана көмейінде тұр ма деймін кейде мен. Сахнаға сен шыққанда тоты құстай таранып. С.Иман. * Мен ӛмір сүріп жатырмын! Менің кеудемде табиғаттың ұлы ырғағы соғып тұр, мен қуаныштан айқайлағанда, ол мың есе жаңғырып, маған жауап береді. Г.Гейне. ~ Қапелімде жүз жасаған кәріге ұқсап жер бауырлап бәсеңсіп қалады. Түсінбедім. Ұлы ырғакпен жалғаса, үндесе сокқан біз білмейтін сыр бар ма деуім содан…Д.Досж. ~ Мына біз секілді пенделерге бой салып биікке шақырған, бұлт секілді жүретін тауларға – жаратқан иенің көзімен, биіктегі аспан әлеміне – ұлы ырғақтың нұр сипатты сәулесі арқылы назар салайықшы: Жер-әлемдік тартылыс күшінің формуласы шығады". Д.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *