Posted in

ҰРТЫН АЛЫП, МҰРТЫНА (МҰРТЫН АЛЫП ҰРТЫНА) ЖАЛҒАДЫ

Еппен, қулықпен өз дегеніне қол жеткізді, жоқтан бар жасады. ~ Уай, сол керің ғой! Онда, би, өзің де айтқаныңның шындығына көзімізді жеткізіп жаныңды бер. Әйтпесе, мынауың… – деп Орақбай Жандәулетке қолын сермеді. – Әйтпесе, мынауың ұртын алып мұртына жалғаған неме екен! Итім иланар ма бұған. Тірескен соң сіресіп бағайын. Куәң кім? Бар ма соның? – деп қадала сұрады. С.См. ~ Не десе де, мұртын алып, ұртына жалғап жатқан полиция не деген қас шебер еді?! Қ.Мұқт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *