Тиісерге себеп, шатаққа сылтау іздеді; кімге тиісерін білмеді. Сол Айтжанын құтты жеріне қондырып, жалғыз өзі іші пысып, ұрынарға қара таба алмай жүргенде, мынахабар «Бозінгенге» құдайдың үйге айдап әкеп берген дәулетіндей көрінді. Ж.Айм. Ұрынарға қара таппай қағынып тұрған Боранқұл үшін бұл қағытпа таптырмайтын сылтау еді. – Шал болсам болармын. Ғ.Біл. ~ Осындай ұрынарға қара таппай жүргендер аз ғана қақтығыстың өзіне желігіп шыға келетіні де сондықтан. Б.Мом. Ұрынарға қара таппай келе жатқан қалың әскер аран қазғызы келген. Р.Отар. «Шынымен де бұлар мені қайдан білсін. Мал өткізіп келе жатқан анау зоотехник әлденеге наразы ма,ұрынарға қара таппаған қағынулы ғой, біртүрлі». Ж.Шаштай. Осы апамның күйігімен ұрынарға қара таппай жүргенімде, сенің Ғайып ханмен жауласатын, оған орай өнерсайысы болып жатыр деген құлағыма сап етіп тиісімен, апамның кеңесі есіме сап ете қалды. ҚЕ.
