Шәлкес мінезді, қит етсе жұдырығын ала жүгіретін, әпербақан адам. * Бірдеме ойлап кідірем-дағы, санақшылар қинамаса болғаны. Олардың ішінде құдай ұрған ұр да жығы болады, баяғының белсенділері секілді, қырып кете жаздайды. Д.Досж. * Жәнәділ салпы ауыз қара. Шыңғыс нағашы жұртына тартқан ақсары, шегір көз. Төре тұқымының жанжалшыл, ұр да жық мінезінің бәрі де бойына біткен. І.Ес. * Мұны ұр да жық біреу астына алып соғып, илектеп жатса, інісі жүгіріп барып атасы мен әжесіне айта қойса… М.Қаб. * Олардікі – іс білмейтін осындай ұр да жықтар тізгін алып, былықтыра берсін, тоздыра берсін іштен; тұралаған колхоздан ертең жұрт екі қолын төбесіне қойып өзі-ақ тозтоз боп қашады деген жіңішке есеп. Т.Сәу.
